Алматы облысында «Рамазан қоржыны» таратылады

29 Наурыз 2022, 15:19
1324
Бөлісу:
Алматы облысында «Рамазан қоржыны» таратылады
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Айлардың сұлтаны – Рамазан ағымдағы жылы 2 сәуірде басталады. ҚМДБ мен Өзбекстан, Қырғыстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, Рамазан айы 2 сәуірден басталады деген ортақ шешімге келген.

Бұл туралы « Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Данағұлов мәлімдеді.

Биылғы рамазан 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Сондықтан «хақтан хабар түскен айда» ораза ұстау уақыты тура 30 күнді құрамақ. Сонымен қатар, ең қасиетті түн - Қадір түні 27 сәуірден 28 сәуірге қараған күнге сәйкес келуде.

Айта кетеу керек, пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Сондай-ақ, спикер еліміздегі әрбір алла үйінде тарауық намазы оқылатын болады деп айтып өтті. Естеріңізде болса, карантин шараларына байланысты мешіттерде жамағат болып жиналуға рұқсат етілмеген болатын. Алғашқы тарауық намазы барлық өңірдегі мешіттерде 1 сәуір күні кешке оқылады.

Бұл айда «Рамазан қоржыны», «Шарапатты Рамазан», «Рамазан тәттісі» сынды көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Шара аясында көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері мен бүлдіршіндергі түрлі тәтті таратылады деп жоспарланған,-деді Талдықорған өңірі бойынша бас имам Алмас Данағұлов.
 

Өзгелердің жаңалығы