Алматы облысының құтқарушылары өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Қызылшекара ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында қоймадағы шөп өртенген.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің жақын маңдағы шаруашылық құрылысына таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.