Алматы облысында қоғамдық кеңестің үшінші шақырылымы басталды

12 Наурыз 2022, 13:48
2015
Бөлісу:
Алматы облысында қоғамдық кеңестің үшінші шақырылымы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алты жылда билік пен халық арасында алтын көпір болуды көздеген кеңес биыл ұйым мүшелерін де өзгертті, жұмыс бағытын тағы бір айқындап алды. Бұл туралы Жетісу медия ақпарат алаңы хабарлады.

Жұмыс тобы жаңа қоғамдық кеңесті жасақтауда азаматтық қоғам өкілдерінің санын арттыруға баса назар аударды. Биыл кеңестің 81,1% жаңартылды, ал, қалғаны мүшелікке өздерін қайта ұсынған.

Жаңа құрамның қатарында мүгедектігіне қарамастан оңалту орталығын ашып, жүздеген мүмкіндігі шектеулі жанға көмек қолын созған Елдос Баялышбаев, талай отбасыны баспаналы еткен Алматы облысы бойынша «Харакет» қайырымдылық қорының жетекшісі Амангелді Толамысов та бар.

Қоғамдық кеңескеі ұзақ уақыт қоғамдық маңызы бар мәселелерді тұрақты көтеріп жүрген белсенділер, нақты бір сала бойынша шұғылданып жүрген кәсіби мамандар кеңеске кірді. Олар қоғамның барлық саласынан іріктеліп алынды, - деп атап өтті «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жанат Тулемисова.  

Осыдан алты жыл бұрын Ел президенті мен  қоғам сеніп артып, өз  жұмысын бастаған қоғамдық кеңес қызметін күшейте түспек. Алдымен, қоғамдағы түрлі пікірлерді ескере отырып, залықты өзекті өзекті мәселелеріне назар аударылмақ. Сонымен қатар, кеңес жұмысы бағытқа бөлініп, Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пайдалы бастамалар енгізілмек.
 

Өзгелердің жаңалығы