Алматы облысында қатты ыстық болады

23 Шілде 2022, 16:05
2216
Бөлісу:
Алматы облысында қатты ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 22 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 24-26 шілде күндері Алматы облысында 41-43 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысы ТЖД сіздерден үйден шықпауларыңызды сұрайды. Жылудан зақымданған жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты жылу кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз,- деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 

Өзгелердің жаңалығы