Қарасай ауданының тұрғыны RG Brands Kazakhstan компаниясы қалдық суларды тікелей көлге төгіп жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода тұрғынның көлден жағымсыз иіс шығып, судың түсі өзгергенін айтқанын көруге болады.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Қарасай ауданында RG BRANDS компаниясы тарапынан ағынды сулардың төгілу фактісі бойынша тексеру басталды. 16 сәуір күні Экология департаменті мен табиғат қорғау полициясының мамандары оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Қосымша ақпарат кейінірек ұсынылады,- деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.