Алматы облысында Pfizer вакцинасымен ревакцинациялау жүріп жатыр

3 Ақпан 2022, 11:58
1285
Бөлісу:
Алматы облысында Pfizer вакцинасымен ревакцинациялау жүріп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологы Рандир Сахариев «Jetisý Media» алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, Алматы облысында коронавирус инфекциясына қарсы күреске 318 егу орны, 76 мобильді бригада, 17 жылжымалы медицина тартылған.

Бүгінде вакцина сақтауға 160 мұздатқыш камера, 272 термокамера бар. Өңірге вакцинаның І компонентінен 1 млн 284 470 доза, ІІ компонентінен 1 млн 244 280 доза жеткізілді, оның ішінде 380 250 доза Pfizer вакцинасы,-деді  Сахариев.

Бүгінгі жағдай бойынша вакцинаның І компонентін 942 195 адам, ІІ компонентті 866 8950 адам салдырған. Pfizer вакцинасының І компонентін 80218 адам, ІІ компонентін 4 887 адам алған.

Сонымен қатар ол өңірде 22 қарашадан бастап ревакцинация жүріп жатқанын жеткізді.

Осы уақытқа дейін 150 662 адам ревакцинация жасады. Ал, қаңтардан бастап Pfizer вакцинасымен ревакцинация басталды. Оны 5597 адам алған,  оның ішінде медициналық қызметкерлер – 1791, 60 жастан асқан адамдар – 2488, бала емізетін әйелдер – 2208, жүкті әйелдер – 1053,-деді эпидемиолог.

Оның айтуынша, өңірде соңғы екі аптада азаматтардың сырқаттауны азайған. Апталық өсім 0,7 пайыздан 0,6%-ға дейін төмендеген. Жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 290-360 жағдайда.

Соңғы аптада сырқаттанушылық 11,2 пайызға төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасы бойынша Алматы облысы «қызыл» аймақта. Кеше 358 адамнан коронавирус ПТР сынамасы арқылы расталды,-деді ол.

Сонымен қатар ол 50 жастан асқан адамдар жиі ауыратынын атап өтті.

Науқастардың 53,2%-ын 50 жастан асқан азаматтар құрайды. Олардың көпшілігі коронавирусқа қарсы вакцина алмаған. 30-49 жас аралығындағылар – 27,7%, балалар мен жасөспірімдер – 22,1%. Қазір медициналық ұйымдарда вакцинаның 158 183 қалдығы бар, ал  Pfizer вакцинасының 26269 дозасы бар,-деді Рандир Сахариев. 
 

Өзгелердің жаңалығы