Әлеуметтік желілерде Қарасай ауданына қарасты мектептердің бірінде арнайы дизенфекция жұмысын жүргізген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға қатысты Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі пікір білдірді.
Мекеме мәліметіне сәйкес, 18 қараша күні Пушкин атындағы орта мектепке аудандық орталық ауруханадан арнайы жылжымалы автокөлік келіп, 15 жастағы оқушыларды флюрографияға түсірген. 2 күннен кейін бір оқушыда ашық түрдегі туберкулез анықталды.
Осы жылдың 20 қарашасы күні мектеп медбикесіне аудандық ауруханадан фтизиатор хабарласып, 9 «В» сынып оқушысынан ашық түрдегі туберкулез анықталғанын мәлімдеді. Оқушы 19 қарашадан бастап сабаққа келмеген. 2024 жылдың 22 қарашасында арнайы «Дезинфекция» компаниясы келіп, 4200 шаршы метр квадратта толық арнайы дизенфекция жұмысын жүргізді. Санитарлық-эпидимиалогиялық маман мен фтизиатр дәрігер 25 қараша күні арнайы мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізді. Қазіргі таңда аудандық санитарлық-эпидимиалогиялық басқармасының қорытындысы күтіліп отыр, тиісті шаралар толығымен атқарылып жатыр, - деді Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі.