Алматы облысында монша өртенді

Бөлісу:
Алматы облысында монша өртенді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының өрт сөндірушілері жеке моншадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талғар ауданында жеке тұрғын үйдің аумағында бір шатырдың астында монша мен жазғы ас үйдің жануы орын алды.

Өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел келіп, жалпы алаңы 84 шаршы метр болған өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өрт шыққан кезде 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз!

Өзгелердің жаңалығы