Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында коронавирустан айыққандар қатарына тағы 9 адам қосылды.
Олар – Еңбекшіқазақ ауданы мен Қапшағай қаласының тұрғындары. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 1963, 1964, 1966, 1980, 1988, 1988, 1992, 1993, 2019 жылы туған осы 9 азамат 25 сәуірден бері Шелек аудандық ауруханасында және Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында тиісті ем қабылдаған. Бүгінде олардың жағдайы жақсы, денсаулықтарына шағымдары жоқ.
Сөйтіп, Алматы облысында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 106-ға жетті.