Алматы облысында консервіленген балық өнімдерінің өндірісі іске қосылады

28 Қыркүйек 2024, 08:30
718
Бөлісу:
Алматы облысында консервіленген балық өнімдерінің өндірісі іске қосылады
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

2025 жылы Алматы облысында балық өнімдерін қайта өңдеу жобасын іске асыру басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаның инвесторы – тайландтық Sea Value Plc. компаниясы.

Шикізатты қазақстандық және ресейлік балық шаруашылықтары жеткізеді деп жоспарлануда. Өндіріс қуаттылығы күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады.

Алдағы уақытта компания ҚР аумағында өндірілетін өнім желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Соның ішінде үй жануарларына арналған азық-түлікті, тауық ақуызын, тауықтан, балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттарды, пісте және бадам сүтін өндіруді қолға алады.

Сондай-ақ, компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында өңірлік логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істеуде. Хаб компания өнімдерін ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына импорттауға, сақтауға және таратуға арналған.

Өзгелердің жаңалығы