Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға бірнеше адам зәбір көрсеткен

5 Шілде 2024, 17:00
1432
Бөлісу:
Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға бірнеше адам зәбір көрсеткен
Фото: BAQ.KZ -архив

Бір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиға Қарасай ауданында болған. Жәбірленушінің айтуынша, кем дегенде алты адам оған жәбір көрсеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы адвокат Айман Умарова өзінің Facebook парақшасында жариялаған.

Кәмелетке толмаған қызды “есірткіге отырғызған” және зорлаған. Бірақ, Алматы облысы, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері тек бір адамды қамаған. Басқалары бостандықта жүр,- дейді Айман Умарова.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Полиция қажетті сараптамаларды тағайындап, қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті барлық тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды, - дейді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы