Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында иттер талаған балаға мүгедектік рәсімделіп жатыр

Нұрқанат Атажан
5 Қыркүйек 2025, 11:47
675
Бөлісу:
 Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Алматы облысында 10 жасар Максим Головачевті иттер талап, ол бірнеше ауыр операциядан өтті. Қазір бала балдақпен жүреді, көшеге тек анасымен бірге шығады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға бодған күні ол досымен бірге көшеде ойнап жүрген.

Иттер қоршауды аяқтарымен соғып жатты. Досым қоршау құлағанын көрді, бірақ мен байқамадым. Сосын қашып шықпақшы болдық. Бірақ иттер мені қуып жетіп, құлатты. Біреуі бетімнен тістеп алды, – дейді Максим.

Дәрігерлер аяғын ампутациялау қажет болуы мүмкін екенін айтқан, құлағына пластикалық ота кейін жасалмақ.

Ешқайда шықпайды, серуендеуге де, ойнауға да бармайды. Қазір оған мүгедектік рәсімделіп жатыр. Өзі "Анашым, мен енді мүгедекпін бе?" деп сұрайды, – дейді анасы Екатерина Бурмистрова.

Полиция ҚК 114-бабы ("Денсаулыққа зиян келтіру") бойынша іс қозғаған, бірақ анасының тергеу шараларына көңілі толмай отыр. Істе анасы жәбірленуші ретінде танылмаған, одан жауап алынбаған.

Белгілі болғандай, иттер наркологиялық орталық аумағында орналасқан жеке питомниктен қашып шыққан. Қожайыны балалар иттерді өздері арандатқанын айтып, жануарларды әкетуден бас тартқан. Қазір питомник жұмысын жалғастыруда.

Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда. Орталық басшылығы жануарларды күтіп-бағу және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Тергеу нәтижесінде заң аясында процессуалдық шешім қабылданады, – деді Алматы облысы полициясы.

Еске салайық, оқиға куәгерлерінің айтуынша, Жалпақсай ауылында иттер жеке аумақтан шығып кетіп, 10 жасар балаға шабуыл жасаған еді

Екі ер адам баланы зорға құтқарып қалған. Бала ауыр жарақат алған, құлағы жұлынған, денесінде көптеген тістелген жаралар бар. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы облысы полициясы желіде тарап жатқан "қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғынды жауапқа тартады" деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
Аталған азаматқа қатысты процессуалдық шешімдер қабылданбаған. 

Оқиғадан кейін иттің иесі оқиғаның қалай болғаны жайлы өз нұсқасын айтып берген еді

Өзгелердің жаңалығы