Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

9 Қаңтар 2023, 11:01
716
Бөлісу:
Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында ІІМ мен ҰҚК бірлескен арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген бірлескен іс-шаралар барысында Алматы облысында орналасқан жасырын есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды. 

7 қаңтарда ІІМ және ҰҚК күштерімен ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды. Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 кг “мефедрон” психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді. 

Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

 Аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы