Алматы облысындағы шаруалар ет өнімдерін шетелге шығара алмай отыр. Себеп – ішкі нарықтағы бағаның тұрақсыздығы. Бұл туралы Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Димаш Сыдықов айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, биыл ел бойынша ет экспортын арттыру жоспарланған. Алайда өнімді шетелге жөнелтуге мүмкіндік жоқ.
Себебі, ішкі нарықтағы баға тұрақсыз. Ет бағасы қымбаттады, сонымен қатар жем-шөп бағасы да айтарлықтай өсті. Биыл Қарасай ауданы 28 мың тонна сиыр етін нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Қазір ауданда 24 мыңнан астам ірі қара мал бар. Ірі шаруашылықтар саны өсіп жатыр, алайда мал басының өсуі біркелкі емес, – деді Димаш Сыдыков.
Маманның айтуынша, өткен жылы облыстан 223 тонна ет, яғни 10 мыңға жуық ірі қара мал шетелге экспортталған. Өнімнің басым бөлігі Өзбекстанға жіберілген. Қазір экспорт тоқтатылды, квоталар берілмеген. Бұған қоса қала маңындағы ауылдарда жайылым жетіспейді.
Шөп бағасының күрт өсуін фермерлер де растап отыр. Шаруа қожалығының иесі Жайық Манасбаевтың айтуынша, экспорт тиімді.
100 теңгеге қымбат болса да – пайда әкеледі. Қазір Қазақстанда қуаңшылық, жем-шөп пен шөп бағасы қатты қымбаттап кетті. Соған қарамастан жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Бізде экспортқа шығаруға барлық мүмкіндік бар. Өйткені қазақстандық ет – ең дәмді, – дейді фермер.