Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан ағасы мен қарындасы ұсталды

6 Қараша 2021, 17:56
1920
Бөлісу:
Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан ағасы мен қарындасы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Талғар ауданында есірткінің жасырын өндірісін жойды. Күдіктілер – туыстық қатынастағы жігіт пен қыз синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактілерін анықтау бойынша жүргізілген «Рефлекс» арнайы операциясы барысында полицияның назарына ілікті, - деп жазды Полиция сайты.

Жедел қызметкерлер барлық мән-жайды анықтау және олардың есірткіні өндіру мен таратуға қатысқандығы туралы дәлелдер жинау үшін күдіктілерді бақылап жүрген. Қылмыстық әрекет расталып, есірткі мен шикізатты қылмыстық мақсатта пайдалануы немесе жоюы мүмкін деген қауіп туындаған кезде қылмыскерлер ұсталған.

Тінту барысында 3,6 келі альфа-PVP синтетикалық есірткісі (72 00-ден астам бір реттік мөлшер), прекурсорлар, респираторлар және синтетикалық есірткі заттарын дайындауға қажетті құрылғылар алынды.

Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан ағасы мен қарындасы ұсталды

Ұсталғандардың көрсетпелерінен белгілі болғандай, есірткі өндірумен айналысу идеясы бірнеше ай бұрын пайда болған. Алдымен олар Алматы қаласында есірткі жасыруды жүзеге асырған, содан кейін оларды өндіруге көшкен. Талғар ауданы Тереңқара кентінде үй жалдап, қажетті химикаттар мен жабдықтарды сатып алғаннан кейін, есірткі өндірісін бастап, оны өткізу үшін көтерме саудагерлерді іздестіре бастаған. Дайын есірткіні кенттің маңында адам жоқ жерлерге Құлжа жолының бойында жасырып отырған, - делінген хабарламада.

Күдіктілер есірткі жасырып жатқан жерлерінде ұсталған. Қазіргі уақытта күдіктілер УҰИ-ға қамалды, олар өз кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтары (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу) бойынша сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Өзгелердің жаңалығы