Қонаев қаласындағы қоғамдық көліктердің бірінде жанжал шығып, артынша 36 жастағы ер адам жолаушыға пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Жедел іздестіру шарасы барысында Қонаев полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақ сұғып алған. Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, - дейдіАлматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.