Алматы облысында дауылды ескерту жасалды

22 Тамыз 2021, 17:44
1721
Бөлісу:
Алматы облысында дауылды ескерту жасалды

Алматы, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК тамыздың 24-25 күндері Алматы облысында дауыл болатынын мәлімдеді.

«Қазгидромет» РМК-ның 2021 жылғы 22 тамыздағы дауылды ескертуі негізінде 24-25 тамыз күндері Алматы облысының Іле Алатауы мен Жетысу Алатауының кейбір аумағында аз уақытты жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. 

Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Өзгелердің жаңалығы