Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

11 Шілде 2022, 16:27
1415
Бөлісу:
Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жасалғанын мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 11 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 12 шілде күні Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күн күркіреуі және дауылды жел соғуы күтіледі. Батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысы ТЖД сіздерден үйден шықпауларыңызды сұрайды. Күннің ыстығынан зақымданған жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты ыстық кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады,-делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД  азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз. 
 

Өзгелердің жаңалығы