Алматы облысында браконьер ұсталды

Бүгiн, 03:20
104
Бөлісу:
Алматы облысында браконьер ұсталды
Фото: скрин

24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні «Охотзоопром» РМКК инспекторлары Алматы облысының Іле ауданындағы Ақши ауылының маңында жоспарлы рейд барысында жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында оның қолында Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген Қарақұйрық антилопасының түріне ұқсайтын жануардың еті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Құқықбұзушы заңсыз аңшылық жасағаны үшін және алынған заттай айғақтармен Іле аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Бұл факт бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды.
Сирек кездесетін және қорғалатын жануарларды заңсыз аулау немесе тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жауапкершілік қарастырылған, - деп жазылған Орман шаруашылығы және жануарларды қорғау комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, сирек кездесетін жануарларды қорғау — табиғатты қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі және осы саладағы әрбір заңбұзушылық заң бойынша қатаң түрде тоқтатылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы