Алматы облысында биыл кәмелетке толмаған 4 жас бала суицид жасаған

13 Сәуір 2022, 16:52
2488
Бөлісу:
Алматы облысында биыл кәмелетке толмаған 4 жас бала суицид жасаған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысы ПД ЖПҚБ ЕТЖ аға инспекторы, полиция подполковнигі Медет Құнанбаев «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі қоғамдағы маңызды мәселенің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы суицид болып отыр.

Жыл басынан бері облыста 4 суицид және 9 суицид әрекеті тіркелді. Жағдайлар мен себептерді анықтаған кезде барлық дерлік фактілер ата-анасымен немесе басқа жақын туыстарымен араздық жанжалға байланысты екені анықталды,-дейді подполковник.

Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін өткен айда ювеналды полиция қызметкерлері білім бөлімімен бірлесіп семинарлар ұйымдастырыпты. Олардың әрқайсысына мектеп және колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, тәрбие психологтары тікелей қатысқан.

Семинарлар барысында кәмелетке толмағандарды суицидке итермелейтін ықтимал себептер айтылды. Сондай-ақ іс-шараларға шақырылған балалар психологиясының мамандары мектеп мұғалімдерімен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау әдістемелері бойынша әдістемелік тренингтер өткізді,-деді Медет Құнанбаев.

Өзгелердің жаңалығы