Алматы облысында биыл 350 шақырымға жуық жол жөнделеді

27 Тамыз 2019, 19:32
1226
Бөлісу:
Алматы облысында биыл 350 шақырымға жуық жол жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың соңына дейін Алматы облысындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының үлесі 78,5 % жетеді. Жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 6138,6 шақырым, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, облыстық маңызы бар автомобиль жолында қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін 2019 жылы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына 20 317,938 млн теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен - 8 167,674 млн теңге, жергілікті бюджеттен – 12 150,264 млн теңге. Осы бөлінген қаражатқа 348,2 шақырым жол жөнделеді деп күтілуде.

Соондай-ақ, 2019 жылы 27 шақырым автомобиль жолының құрылысы мен қайта жаңғыртуға, сондай-ақ жобалық сметалық құжаттары мен технико-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 4 098,957 млн теңге бөлінді, соның 2641,854 млн теңгесі республикалық бюджеттен болса, 1 457,103 млн теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы