Алматы облысында бірнеше ауылдың аты қазақшаланады

29 Шілде 2022, 14:52
1704
Бөлісу:
Алматы облысында бірнеше ауылдың аты қазақшаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімдігі бірнеше ауылдың атын қазақшалау туралы шешім шығарды.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Іле ауданының Энергетический ауылдық округі «Өтеген батыр», Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы «Байкент» ауылдық округі және «Байкент» ауылы, Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы «Ақсай» ауылдық округі және «Ақсай» ауылы, Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы «Кенен Әзірбаев» ауылы, Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы «Жайнақ» ауылы, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы «Жібек жолы» ауылы болып өзгертілмек.

Өзгелердің жаңалығы