Алматы облысында бес бала өртеніп кете жаздады

Бүгін Алматы облысының Өтеген батыр ауылында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 ТЖМ баспасөз қызметі 13 Тамыз 2025 2025, 16:39
13 Тамыз 2025 2025, 16:39
675
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Алматы облысының Өтеген батыр ауылында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өрт туралы хабарлама төтенше қызметке күннің екінші жартысында түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 50 шаршы метр аумақтағы жалынды қысқа мерзімде сөндірді.

Автобаспалдақтың көмегімен екі ересек пен бес бала эвакуацияланды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Үй тұрғындары ТЖМ қызметкерлеріне үйлесімді әрі кәсіби жұмысы үшін алғыс білдірді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх