Әлеуметтік желілерде әйелін ұрған ер адамның бейнеролигі тараған еді. Жедел іздестіру шаралары барысында 1979 жылы туған ер азамат анықталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Видеода ер адам баласының көзінше әйелін аяусыз соққыға жыққанын көруге болады. Аталған жағдайға Алматы облысының ПД түсінік берді.
Аталған дерек Қарасай ауданы полиция департаментінде қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында 1979 жылы туған ер азамат анықталды. Қазір жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажет тергеу әрекеті жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.