Қайғылы жағдай Қызыл Қайрат ауылындағы қараусыз қалған зауыттың жанында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әйел таксиге мінген, ал таңертең зауыттың жанынан өлі күйінде табылған.
Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Полиция 56 жастағы әйелдің мәйіті табылғаннан кейін тергеу жүргізіп жатыр. Аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, денеде зорлық-зомбылық өлімінің іздері табылған жоқ, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.