Алматы облысында қаруды заңсыз сақтағандар анықталды

4 Желтоқсан 2019, 15:15
3028
Бөлісу:
Алматы облысында қаруды заңсыз сақтағандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері "Учаске" республикалық жедел алдын алу іс шарасы барысында қаруды тіркеу және оны сақтау ережесін бұзған 385 тұлғаны анықтады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Анықталған тәртіп бұзушылықтардың 211 дерегі қаруды сақтау ережесін сақтамаса, 174 тұлға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта тіркеу талабын орындамаған. Сонымен қатар, іс-шара барысында қару-жарақтың заңсыз айналымынан 15 қару тәркіленген.

Облыстық полиция департаментінің аөпаратына сәйкес, өңірде жыл басынан бері 574 әртүрлі қару тәркіленген. Оның ішінде 36 ойық ұңғылы мылтық, 405 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және электрлік, газ және травматикалық қару түрлері бар. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында тіркелмеген 136 қару табылып, тәркіленген. Биыл азаматтық және қызметтік қару-жарақ айналымының тәртібін бұзған 1700 жуық азамат әкімшіліқ жауапкершілікке тартылған.

Қаруларды сақтау және сату мен сатып алуға қатысты заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында биыл "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы 4 мәрте өткізілді. Осы шаралар барысында 700 астам әртүрлі құқық бұзушылықтар анықталды. Қауіпсіздікті қамтаасыз ету мақсатында аталған кемшіліктер түзетіліп, айыпты тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды. Қару-жарақты заңсыз сақтаған екі тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, азаматтардан қару түрлері мен жарылғыш заттарды сатып алу бағдарламасы бойынша биыл полицияға 96 адам өтініш білдіріп, 147 дана қаруды тапсырған. Аталған азаматтар тапсырған қарулары үшін 8 миллион теңгеден астам сыйақы алған.

Өзгелердің жаңалығы