Алматы облысында анасы қайтыс болған баласының еміне ақша жинаған

Кеше, 07:48
638
Бөлісу:
Алматы облысында анасы қайтыс болған баласының еміне ақша жинаған
Фото: polisia.kz

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы операция аясында қылмыстық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды. Бірінші жағдайда Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз түрде қаржылық пайда тапқан.

Сондай-ақ оның тағы бір өрескел іске қатысы бар екені анықталды – балаға емге қаражат жинау сылтауымен адамдарды алдаған.

Екінші жағдайда 26 жастағы ер адам өзін жүк тасымалдаушы ретінде таныстырып, тауарды жеткіземін деген уәдемен 180 мың теңгені иемденіп кеткен.

Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылар күдіктілердің басқа алаяқтық әрекеттерге қатыстылығын тексеруде. “ANTI-FRAUD” операциясы жалғасуда, ал полиция азаматтарды сақтық танытып, алаяқтық схемалары туралы хабарлап отыруға шақырады, - деп мәлімдеді киберполиция қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы