Алматы облысының аудандарында 60-тан астам нысан заңсыз салынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы заңсыздықты Алматы қаласының прокуратурасы "Заңды жер" жобасы аясында анықтады.
60-тан астам заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жер учаскелерінің шекарасын негізсіз кеңейту фактілері де бар. Сондай-ақ елді мекендердің функционалдық аймақтарын өзгерткен. Бұл заң бұзушылықтар инфрақұрылымды, жолдарды, әлеуметтік объектілердің жүктемесін есепке алмай, бақылаусыз құрылыс салуға ықпал еткен, - деп хабарлады қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі.
Алматы қаласының маңында заңсыз салынған құрылыстың аумағы 17 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл облыстың бес әкімшілік аумағын қамтиды.
Заңсыз құрылысқа жол берген Талғар, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандары. Жергілікті билік 2010 жылы үкімет бекіткен құрылыс жөніндегі бас жоспарды елемеген.
Салдарынан мектеп, аурухана, балабақша мен саябақтар үшін қарастырылған жерлер тұрғын үй құрылысы мен коммерциялық нысандарға өзгертіліп, салынған.