Алматы облысында 55 отбасы баспаналы болды

17 Желтоқсан 2019, 12:48
3938
Бөлісу:
Алматы облысында 55 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік мерекесі күнінде Талдықорған қаласында баспана кезегінде тұрған 55 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлады egemen.kz.

Облыс орталығы маңынан бой көтерген коттежд қалашығын енді көпбалалы аналар, үй кезегінде тұрған қала тұрғындары, басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері мекен етеді. Аумақта салынған екі қабатты тұрғын үй тіршілік етуге қолайлы. 10 сотық жер телімі бар, табиғи газ желісіне қосылған. Тұрғы үйдің жалпы аумағы 90 шаршы метр.
15 жыл үйдің кезегінде тұрдым. Жалғызбасты анамын. 3 балам бар. Бүгін үй бұйырды. Бұл баспана жекешелендіруге жатпайды екен, дегенмен кісі есігінде жүргеннен жақсы. Балалар қуанып жүр, - дейді қала тұрғыны Рауза Қазақбайқызы.

Жалпы, Тәуелсіздік мерекесінің аясында облыста баспаналы болған тұрғындар саны жүзге жуықтады.






Өзгелердің жаңалығы