Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 570 655 дозасы келіп түсті. Оның 551 350-і қолданылса, қолда 19 305 дозасы бар.
Ал, II компоненттен 516 990 доза жеткізілген, оның 383 422-ы қолданылып, 133 568 доза вакцина қалған.
Бірінші компонентпен 551 352 адам егілді, екіншісімен – 383 422. Вакцина алғандар арасында - мемлекеттік қызметкерлер – 11 849, медицина қызметкерлері – 23 338, педагогтар – 38 036, БАҚ – 196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4142 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 428 088 адам вакцина алып үлгерді, - дейді Алматы облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының өкілі Жанна Арынбекова.
Айта кетейік, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6%-дан (19.07-25.07) 0,9% - ға дейін (26.07-01.08) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 2,0%, Балқаш - 1,3%, Ескелді – 1,3%, Іле - 1,1%, Қарасай - 1,6%, Сарқан-1,1% аудандарында байқалады.