Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың қаңтар айында 30 404 салық төлеушіден 51,5 млн теңге сомасында берешек өндірілді.
Бұл туралы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмат Қалиев «Jetisý Media» ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, Салық кодексінің 31-бабына сәйкес, салық төлеуші берешегін уақытылы төлеуге міндеттелгені анық көрсетілген. Кодекс бойынша осы жылы көлік салығын төлеу мерзімі 1-сәуірден кешіктірілмеуі тиіс. Сондай-ақ борышкерлер сәуірдің басына дейін 2021 жылдың салығын төлейтін болады.
Салық кодексінің 492-бабы 4-тармағының 1және 2 тармақшаларына өзгерістер енгізілген еді. Жаңа қағидалар өткен жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енді. Салық заңы - фургондарды салық салу мақсатында автокөліктер ретінде қарастырады және қозғалтқыш көлеміне байланысты салық салынды. Осылайша, рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 килограмнан аспайтын В санатындағы көлік құралдары Салық кодексінің 492-бабының 1-тармағының 2 тармақшасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық есептелетін жүк көліктеріне жатқызылады,-деді ол.
Егер қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған немесе ҚР аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген автомобильдер үшін салықтың айлық есептік көрсеткіштерде төмендегідей мөлшерлемелер белгіленген:
3000-нан 3200-ге дейінгі куб.см текшелерді қоса алғанда = 35 АЕК
3200-ден 3500-ге дейін куб.см текшеден астам = 46 АЕК
3500-ден 4000-ға дейін куб.см текшеден астам = 66 АЕК
4 000-нан 5 000-ға дейін куб.см текшеден астам = 130 АЕК
5000 куб.см текше метрден астам = 200 АЕК.
Қозғалтқышының көлемі 1500 текше сантиметрден асатын автомобильдер үшін қозғалтқыш көлемі бойынша тиісті градацияның төменгі шегінен асатын әрбір бірлік үшін салық сомасы 7 теңгеге артады.
Автомобильдерге салықты есептеу қозғалтқыштың көлемі (cc) бойынша келесі градациямен келесі ставкалар бойынша жүргізіледі:
1100 куб.см текшеге дейін қоса алғанда= 1 АЕК
1100-ден 1500-ге куб.см дейінгі текшеден астам = 2 АЕК
1500-ден 2000-ға куб.см дейінгі текшеден астам = 3 АЕК
2000-нан 2500-ге куб.см дейін текшеден астам = 6 АЕК
2500-ден 3000-ға куб.см дейінгі текшеден астам= 9 АЕК
3000-нан 4000-ға куб.см дейінгі текшелерді қоса алғанда= 15 АЕК
4000 куб.см текше метрден астам = 117 АЕК-ке тең болады.
Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) тіркелген тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 493-бабына сәйкес салық төлеушілер Салық кодексінің 492-бабына сәйкес салық салу объектісіне салық ставкаларын қолдану арқылы салық кезеңі үшін салық сомасын өз бетінше есептейді,-дейді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмат Қалиев.