Алматы облысында 18 азаматқа заңсыз өндірілген мемлекеттік баж қайтарылады

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 depositphotos.com 23 Қараша 2026, 23:27
23 Қараша 2026, 23:27
68
Фото: depositphotos.com

Алматы облысы Талғар ауданының прокуратурасы мемлекеттік баж төлеуден заң бойынша босатылған азаматтардан қаражатты негізсіз өндіріп алу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, паспортты ауыстыру кезінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан және заңнамада жеңілдік қарастырылған өзге де азаматтардан мемлекеттік баж төлеу талап етілген.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Заңсыз алынған қаражат 18 азаматқа толық көлемде қайтарылады.

Сонымен қатар осындай заңбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында тексеру басталды. Прокуратура халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Наверх