Алматы облысының құтқарушылары жанып жатқан шөпті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Белгілі болғандай, Кеген ауданы Қарқара ауылында 1300 орамда сақталған шөп өртке оранған.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, толығымен сөндірілді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.