Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды

Нұрқанат Атажан
10 Шілде 2025, 18:06
1750
Бөлісу:
 Қарасай ауданы әкімдігі
Фото: Қарасай ауданы әкімдігі

30 маусымда Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жастағы Максим Головачевті иттерден арашалаған Серікбек Сақайбаев марапатталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Серікбек Сақайбаев құзырлы органдар келгенше баланы өлім аузынан арашалап қалды. Ауыл тұрғынының бұл ісі елеусіз қалмады. Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек Сақайбаевқа алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.

Сонымен қатар аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, ер адамға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Қарасай ауданы әкімдігі ауылды дүр сілкіндірген бұл жағдайды толық бақылауда ұстайтынын айтты.

Еске салайық, оқиға куәгерлерінің айтуынша, Жалпақсай ауылында иттер жеке аумақтан шығып кетіп, 10 жасар балаға шабуыл жасаған еді. 

Екі ер адам баланы зорға құтқарып қалған. Бала ауыр жарақат алған, құлағы жұлынған, денесінде көптеген тістелген жаралар бар. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы облысы полициясы желіде тарап жатқан “қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғынды жауапқа тартады” деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Аталған азаматқа қатысты процессуалдық шешімдер қабылданбаған. 

Кеше иттің иесі оқиғаның қалай болғаны жайлы өз нұсқасын айтып берген еді. 

Өзгелердің жаңалығы