Алматы облысы Жапақсай ауылында үйде жарылыс болып, бір адам қаза болды

19 Қыркүйек 2024, 09:24
238
Бөлісу:
Алматы облысы Жапақсай ауылында үйде жарылыс болып, бір адам қаза болды
Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысының Жалпақсай ауылында газдың жарылуы салдарынан бір үй толығымен қирап, тағы төртеуі қатты зақымданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Газ жарылған үйдің иесі қаза тапты, деп хабарлады облыс полициясы.

Жарылыс салдарынан үй иесі қаза тапты. Марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, жарылыс кезінде үйде тоңазытқыш жеткізген жүк тасушылар болған. Ер адамдар бірнеше метрге ұшып кеткен, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Көрші үйлердің бірі қатты зақымданған, тағы үшеуінде әйнек сынған.

Өзгелердің жаңалығы