150 медициналық ұйымның қызметінде заң бұзушылық анықталды

22 Ақпан 2019, 12:00
2215
Бөлісу:
150 медициналық ұйымның қызметінде заң бұзушылық анықталды

Астана, BAQ.KZ. Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2018 жылда жоспарланған 171 денсаулық сақтау объектісінің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтармен жұмыс істейтін 150 объект (87,7%) анықталды.

Барлық медициналық ұйымда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар және санитарлық-гигиеналық талаптарының бұзылуы анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 10 млн 634 мың 825 теңге 390 айыппұл салынды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 137 ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1094 денсаулық сақтау объектілердің арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 65 денсаулық сақтау объектісі (5,9%) анықталды. Оның ішінде бір объектің құрылысы және екі объектте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың перспективтік жоспарына 5, 2020-2025 жылдарға 27 нысан енгізілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы 13 денсаулық сақтау объектісі салынып, пайдалануға берілді, 5 объекте күрделі жөндеу жүргізілді, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Медициналық ұйымдардың санитариялық жай-күйі қанағаттанарлықсыз болса және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына наразылық туындаған жағдайда Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне (Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85А) және оның аумақтық бөлімшелеріне немесе almobldkgsen@mail.online.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы