Алматы және Қарағанды облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы ақпарат

5 Мамыр 2020, 23:42
1624
Бөлісу:
Алматы және Қарағанды облыстарында соңғы тіркелген науқастар жайлы ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы және Қарағанды облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы науқастар жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат берді.

Теміртау қаласында 1967 жылғы ер адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Ол қауіптілік тобындағы азаматтарды тексеру барысында анықталды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды - делінген хабарламада.

2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 168 адам анықталды, оның ішінде 3 адам көз жұмған, 79 науқас жазылып шыққан.

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды

Вирусты жұқтырған адамдар Іле ауданында анықталған. Барлығы бұған дейін коронавирус инфекциясы табылған адамдармен байланыста болғаны үшін бақылауға алынған. ПТР-талдау қорытындысымен оларға COVID-19 диагнозы қойылды. Осыған дейін оқшауланған азаматтар қазіргі таңда жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Олармен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталып жатыр, кейін оқшауланып, коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдау жасалады. Осы жағдайларға қатысты эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған - делінген ақпаратта.

Қазіргі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирусты жұқтырған 163 адам тіркелген. 


Өзгелердің жаңалығы