Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

17 Наурыз 2019, 13:11
4341
Бөлісу:
Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы мәдени ошақтар мен спорттық мекемелер Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

«Ұлы даланың Ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік іс-шара М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының алдында өтіп жатыр. 

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Алматы қаласындағы мәдени ошақтар мен спорттық мекемелер қатысуда.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

«Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» болашаққа бағдар, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын кеңінен насихаттау мақсатында бүгінгі мерекелік шараны өткізіп отырмыз. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа форматта өткізу керекпіз, балалардың мейрамы болу керек деген еді. Соған байланысты бүгін балаларды көптеп тартуға, оларды қызықтыра білуге басымдық танытып отырмыз. Бүгін көпбалалы отбасылар мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан және мүмкіндігі шектеулі 800-ге тарта балаға арнайы сый-сыяпаттар таратып, үлкен дастархан жайып отырмыз»,-дейді М.Әуезов театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Сонымен қатар ол, Наурыз мейрамының символы ретінде қызғалдақ гүлін насихаттап жатқандарын айтып өтті.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

«Бүгін өнер қайраткерлері сахнаға қызғалдақ гүлін алып шығып, халыққа таратады. Яғни Наурыз мейрамында біз бір-бірімізге қызғалдақ гүлін сыйлауды дәстүрге айналдырсақ дейміз», - деді театр директоры.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Мерекелік шара Көрісу рәсімімен басталып, қазақ өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық ойындар жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлауда. 

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Сондай-ақ, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанынан «Бақ және өнер» аллеясы ашылды.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Оған өнер адамдары ағаш отырғызып, бұл игі істің дәстүрге айналатыны айтылды.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимов бүгінгі Наурыз мейрамының жаңаша форматта тойланып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

«Бүгін Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр, әрі ауа райы да тамаша болып тұр. Жиналған халықтың көңіл-күйі де керемет, олардың Наурыз мейрамына деген ықыластарының ерекше екенін көріп отырмыз. Өзім спорт мектебінің балаларын алып келдім, қазір олар ұлттық спорттық іс-шараларға қатысып, халыққа өз өнерлерін паш етеді»,-дейді чемпион. 

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Мерекелік шара барысында күрес, арқан тартысы, қол күрес, гір тасын көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. 

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Сондай-ақ, биыл ел назарына бірінші рет «Қазшах» ойыны ұсынылды.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

Аталған ойынды ойлап тапқан Жанболат Тәшенов жастардың бұл ойын түріне қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқанын жеткізді.

Алматыда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда

«Бұл ұлттық шахмат ойыны. Оның классикалық шахматтан ерекшелігі екі адам емес, бірден төрт адам ойнайды. Бұл ойлауды қажет ететін ойын, яғни балалардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Қазір осыны кеңінен насихаттап жатырмыз, алдағы уақытта электронды нұсқасын іске қосамыз»,- дейді өнертапқыш.

Әділет Мұсахаев, фото - автордыкі

Өзгелердің жаңалығы