Алматы метросының бекеттерінде самсаған жарнамаларды күн сайын көзіміз шалады. Әуе билеттерінен бастап тұрмыстық тауарларға дейінгі жарнамалар метрополитен кеңістігін толып тұрады. Бұл жарнамалардан түскен табыстың кімнің еншісіне тиетінін анықтадық, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Метро жарнамасының қаржысы кімге түсетінін анықтау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына сұрау жібердік.
Алматы метрополитені әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік болғандықтан, қаражат табуды көздемейді. Табыс көзі ретінде қарастырылатын жалға беру және жарнама алаңдары қалалық Мемелекеттік активтер басқармасына тиесілі, - деп хабарлады "Метрополитен" кәсіпорны.
Яғни метро жарнамасынан түскен қаржы көлік жүйесін қаржыландырудан бөлек, қаланың активтерін басқару бағытында пайдаланылады.