Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес болды

Бөлісу:
Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес болды
VIDEO
Фото: Алматы метрополитені

Әлеуметтік желілерде жолаушылар арасында шыққан жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қатысушылардың бірі қатты соққы алған.

Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес болды

Жанжалдың басы ер адамның жолаушылардың бірінен сөмкесін шешіп, айналасындағыларға кедергі жасамауын айтқанынан басталған. Алайда жолаушы бұл ұсыныстан бас тартқан, ұрыстың арты төбелеске ұласқан. Жанжалға қатысушылардың бірі қатты жарақат алды, - делінген видеода.

Бейнежазбадан төбелестен кейін еденде қан іздері қалғанын көруге болады.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Алматы қалалық полиция департаменті қазіргі таңда Метрополитенде тексеру жүргізіп жатыр. Жанжалға қатысушылар анықталды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өзгелердің жаңалығы