Қайғылы жағдай "Абай" метро бекетінде болған еді. Оқиға орнында 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода, ер адамның платформаның есігін таппай, құлап кеткенін көруге болады.
Қайғылы жағдай орын алған сәтте, қыз баланың көмекке келуге жүгіріп келгенін, әлі жетпенендіктен метроның кезекші қызметкерін көмекке шақырғанын көруге болады.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өткен едік.
"Метрополитен" ШЖҚ МКК баспасөз қызметі станция кезекшісі мен машинистің жедел әрекетінің арқасында қозғалыс тоқтатылып, жолаушы перронға шығарылғанын айтқан еді.