Алматы мен Қонаев қалаларының арасында теміржол желісін дамыту қажет - Тоқаев

19 Қазан 2022, 11:21
955
Бөлісу:
Алматы мен Қонаев қалаларының арасында теміржол желісін дамыту қажет - Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру – басты басымдықтың бірі. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, өңірдің көлік желісін жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуге тиіс. Жолаушы және жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасау керек. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы автожолмен қатар теміржол желісін дамыту қажет.

Бұрын екі ортада арнайы электр пойызы қатынайтын. Соны қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл шара Алматы маңындағы көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді, - деді ол.

Алматы облысы Алматы шаһарының іргесінде және Қытай шекарасына жақын орналасқан. 

Мұнда аймақаралық көлік дәліздерін дамыту аса маңызды. Күре жолдар жүк және жолаушы тасымалының көлемін арттырады. Сондай-ақ, бір облыстың ғана емес, тұтас елдің дамуына септігін тигізеді, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы