Алматыда екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында Қазан қаласынан келген делегация үшін ақпараттық тур аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сапар барысында туризм саласының өкілдері маңызды мәдени және туристік нысандармен танысып, туризм саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Алматыда бүгінде әлемнің түрлі елдерінен келетін туристердің қарасы қалың. Статистика бойынша 2022 жылдың 3 тоқсанында Алматы қаласына 270 мыңнан астам шетелдік турист келген.