Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 сәуірде елордада бұлтты ауа райы күтілуде, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағытта, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 17-19 градус жылы болады.
8 сәуірде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыс бағытта, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 16-18 градус жылы болады.
9 сәуірде бұлтты ауа райы, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыс бағытта, 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 17-19 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
7 сәуірде Алматыда бұлтты ауа райы, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс бағытта, 3-8 м/с, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы болады.
8 сәуірде бұлтты ауа райы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс бағытта, 3-8 м/с, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы болады.
9 сәуірде бұлтты ауа райы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыс бағытта, 3-8 м/с, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Казгидромет синоптиктері 2025 жылдың сәуірі үшін консультациялық ауа райы болжамын ұсынған болатын. Сәуірде Қазақстанда жылы ауа райы болады, бірақ жаңбыр мен температураның ауытқулары да күтілуде.
Айдың алғашқы онкүндігінде жаңбыр жауып, солтүстікте қар мен көктайғақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Айдың ортасында жаңбыр мен ылғалды қар жауады, ай соңында негізінен жаңбыр болады. Температура түнде -5 градусқа дейін, күндіз +32 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.