Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы мен Алатау қалалары арасында әуе таксиі іске қосылады

Нұрқанат Атажан
7 Қараша 2025, 09:57
492
Бөлісу:
 Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Алматы маңында салынып жатқан жаңа қала Алатауда әуе таксиі қызметі іске қосылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстан америкалық Joby Aero компаниясынан жалпы құны 300 миллион доллар болатын электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алады. Тиісті өзара түсіністік туралы меморандумға министрлік, компания және Алатау қаласының инвесторы қол қойды.

Тік ұшып-қонатын инновациялық әуе құрылғылары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильдігі жобасының негізі болады. Сертификаттау мен демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңы құрылып, аэротакси Алатау мен Алматының көлік желісіне біріктіріледі, – деді ведомствода.

Министрлік Үкіметке әуе ұшулары саласын жан-жақты реттейтін заңнамалық база әзірлеуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы