Алматы мектептерінде оқушыларға ұлттық тағамдар берілуі мүмкін

11 Қаңтар 2024, 11:05
551
Бөлісу:
Алматы мектептерінде оқушыларға ұлттық тағамдар берілуі мүмкін
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы мектептерінің ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізілгелі жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаланың Білім басқармасының берген мәліметінше, бұл іс-шара «Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын басқару» жобасы іске асырылмақ.

Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын басқару» жобасы аясында мектептің тамақтану рационына енгізуді ұсыну үшін ашытылған сүт өнімдерінен пайдаланатын ұлттық тағамдарды даярлау жоспарланып отыр. Жобаның мақсаты - оқушылардың созылмалы ауруларының алдын алудың дәлелді тәсілдерін, денсаулықты және созылмалы ауруларды басқару принциптерін енгізу, оқушыларға тамақтану әдеттері мен өмір салтын өзгертуге ықпал ететін қолайлы жағдай жасау, - деп жауап берді басқарма.

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі - «Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын басқару» жобасының бастамашысы. Бұл жұмыс «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінгі таңда зерттеу жүргізу үшін мектептер таңдалды, мектеп оқушыларының ата-аналарынан рұқсат алынды, №135, №153, №201 мектептерде барлық оқушы бойынша антропометриялық көрсеткіштер өлшенді. Сондай-ақ мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізілді, асхана қызметкерлері оқытылып, тексеріліп, салауатты тамақтануды насихаттайтын іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлады Білім басқарамасының баспасөз хатшысы.

Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауларды, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын және дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдаланылады. Жұмыс 2024 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы