Алматы мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

28 Тамыз 2021, 15:05
9190
Бөлісу:
Алматы мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қаланың Білім басқармасы басшысы Ләззат Жылқыбаева жаңа оқу жылына мегаполис мектептерінің дайындығын баяндап берді.

Жаңа оқу жылында қаладағы 287 мектепте 300 мыңға жуық оқушы білім алады. Олардың ішінде 1-сыныптарда 30 мыңнан астам оқушы оқиды. 82 колледжде 68 мыңнан астам студент оқуға кіріседі, - деді ол.

Сонымен қатар 69 мыңнан астам баланы қамтитын 860 мектепке дейінгі ұйым санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын жалғастырып жатыр.

Ол білім мекемелерінде қандай санитарлық талаптар ұйымдастырылғанын айтып берді.

- барлық білім беру ұйымдары «Ashyq» жобасына қосылды;

- қажетті мөлшерде жуу және дезинфекциялау құралдарымен, сондай-ақ антисептиктермен 100% қамтамасыз етілді;

- 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Білім басқармасы, Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті
 және Қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан санитарлық талаптардың, оның ішінде температураны өлшеу, желдету, кварцтау және ылғалды жинау режимдерін және басқа да талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіледі;

- білім беру ұйымдарында бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады және көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылады.
Сонымен қатар 2-11 сынып оқушылары қазіргі таңда 100% кітапхана қорларынан оқулықтармен қамтамасыз етілген. 1 сыныпқа арналған оқулықтар да, оның ішінде Әліппе мен Букварь мектептерге жеткізілді, - деп айтты Ләззат Жылқыбаева.

Өзгелердің жаңалығы