Алматы мәслихаты Креативті индустрия басқармасын құруды қолдады

29 Қаңтар 2021, 12:31
1312
Бөлісу:
Алматы мәслихаты Креативті индустрия басқармасын құруды қолдады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Сессия барысында мәслихат депутаттары Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Алматы қаласының креативті индустриялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы бастамасын қолдады.

Айта кету керек, «Алматы-2050» даму стратегиясына сәйкес қала экономикасында креативті экономиканы дамыту бағытында құрылымдық маневрді жүзеге асыру жоспарланған. Мегаполис үнемі ойлау қабілеті ұшқыр, креативті, талантты және бірегей адамдарды біріктіреді, ал заманауи цифрлық құралдар өсу динамикасын арттыратыны атап өтілді. Осы мақсатта Кретивті индустрияны дамыту стратегиясы қабылданды. 

Сонымен бірге креативті сегменттің қалыптасуы үшін мемлекеттің интегративті қолдауы қажет, оның міндеттеріне жұмысты сауатты үйлестіру, жан-жақты жәрдемдесу және әлеуетті жүйелі дамыту кіреді.

Креативті индустрия-экономиканы дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттарының бірі, ірі қалаларды әлемдік қоғамдастық үшін ерекше тартымды ететін олардың қозғаушы күші. Бүкіл әлемде креативті индустриялар әлеуеті өнеркәсіптік саясаттың ажырамас бөлігіне айналуда. Бұл ерекше салалар Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресейде және басқа да көптеген елде мемлекеттік қолдауға ие.

Өзгелердің жаңалығы