Алматы, Мәскеу және Дубайдағы жылжымайтын мүлік: Антикор мемлекетке қайтарылған мүліктерді көрсетті

28 Желтоқсан 2022, 17:24
783
Бөлісу:
Алматы, Мәскеу және Дубайдағы жылжымайтын мүлік: Антикор мемлекетке қайтарылған мүліктерді көрсетті
VIDEO

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді.

Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы