Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы маңындағы құс фабрикасындағы өртте қаза тапқан адамның кім екені анықталды

Нұрқанат Атажан
30 Шілде 2025, 09:44
812
Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы құс фабрикасында болған өрт кезінде жұмысшы қаза тапты. Құтқарушылар 19 жастағы жігіттің денесін барлау барысында тапқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Телеарналардың мәліметінше, марқұм кәсіпорын аумағында жұмыс істеген мердігер ұйымның қызметкері болған. Оның аты-жөні әзірге жарияланбады.

Еске салайық, 2025 жылдың 28 шілдесінде Алматы облысы Іле ауданының Түймебай ауылында құс өнімдерін шығаратын кәсіпорын аумағында ірі өрт шыққан еді
Жалын асханадан басталып, жылдам таралып, үлкен аумақты шарпыған.

Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы